Бейнежазбада ер адамның қабырға бойымен жылжып бара жатқаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінде отырған баланы құтқарды. Бұл сәтте тереза ашық тұрған, деп жазады tengrinews.kz.
Бейнежазбада ер адамның қабырға бойымен жылжып бара жатқаны көрінеді. Ол ашық тұрған терезеге қарай бет алаған. Ал, терезе шетінде бала отыр.
Оқиға Қордай көшесінде болған. Бұл жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Біз Астана ТЖД-ға ресми пікір алуға жүгіндік. Алайда ведомствоның баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша оларға ешқандай қоңырау түспегенін хабарлады.