Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері.
ERNUR.KZ. Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіруде, деп жазады zakon.kz.
Елордада Сәбит пен Маралдың отбасында Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді.
Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.
«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!» - деді үшемнің анасы Марал Соппек.