Көлік ұрлаған 32 жастағы әйелді анықталды.
ERNUR.KZ. Астанада 32 жастағы әйел көлік ұрлап кетті. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп жазады sputnik.kz.
Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу оның Seat Toleda маркалы көлігін ұрлап кеткен. Ер адам от алып тұрған көлігін аулада қалдырды. Ал қайтып келгенде оны таппай қалды. Ұрыны іздеуге қалалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.
Тергеушілер бейнекамераларды зерделеп шықты.
Сол кезде көлік ұрлаған 32 жастағы әйелді анықталды. Ол ұрлаған көлігін Кравцов көшесінде тастап кетті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда полиция көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын сақтап, салонда кілтті қалдырмауға кеңес берді.