Астанада құрылыс компаниясының басшысы наразылық ретінде құрылыс кранына шықты (видео)

0
204

Әлеуметтік желіде құрылыс кранында тұрған ер адамның видеосы пайда болды.


Астанада құрылыс компаниясының басшысы наразылық ретінде құрылыс кранына шықты (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің құрылысшысы наразылық белгісі ретінде мұнара кранының үстіне шығып кеткен, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде құрылыс кранында тұрған ер адамның видеосы пайда болды. Видео авторының айтуынша, ер адам наразылық

Қала әкімдігінің мәліметінше, компания басшысы наразылық белгісі ретінде кранға көтерілген.

"Құрылыс алаңында "Ер-Тау" серіктестігінің басшысы М.Тасов болды. Ол нысанды үлескерлерге беру туралы Жоғарғы сот шешімімен келіспейтінін осылай көрсетті. 2017 жылы тұрғын үйдің нөлдік циклі ғана салынды (іргетасы мен бірінші қабаты). Осы жылдар бойы үлескерлер өз пәтерлерін күтті", – делінген әкімдік хабарламасында.

Басқарма мәліметінше, қалалық әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясының шешімі негізінде Сарыарқа ауданының прокуратурасы мүлікті үлескерлерге (тұрғын үй серіктестіктеріне) беру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. 2023 жылы 20 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер телімдері бар құрылыс жобасы "Астана қаласы 2023" тұрғын үй-құрылыс кооперативіне берілген.

2024 жылы 5 шілдеде Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер телімдері бар құрылыс жобасы үлескерлерге қалдырылды.

"Барлық қызметтер орнында болды. Аудандық, қалалық экологияны бақылау және сапасын бақылау бөлімінің өкілдері, заңгерлер түсініктеме берді. Түсініктемелерден кейін М.Тасов мұнара кранынан түсті. Сондай-ақ оның қатысуымен ведомствоаралық комиссияның қосымша отырысы өтеді. Қазіргі уақытта құрылысы 2017 жылы басталған нысанды жеке құрылыс компаниясы аяқтауға жақын. Оқиға орнында жұмыс жүріп жатыр", – делінген хабарламада.