Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.
ERNUR.KZ. Астана полициясы қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп жазады inform.kz.
"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 12 ақпанда елорда аулаларының бірінде қызға шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Кеше елордалық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
"Астана Полиция департаменті тонау дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты тарату мүмкін емес", - делінген полиция хабарламасында.