Ювеналды полиция қызметкерлері бұл отбасыны бақылауға алды.
ERNUR.KZ. Астанада полиция жеті жасар оқушы қызды соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады zakon.kz.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады қалалық ІІБ.