Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Астанада 7 наурыз күні түс ауа тыр жалаңаш ер адам көшеде жүгіріп жүрген жерінен көзге түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жалаңаш ер адамды Астананың Тархан көшесіндегі №5 мектеп аумағында өтіп бара жатқандар байқап қалған. Ол мектеп жанынан жүгіріп өтіп, айналасындағы адамдарды, оның ішінде балаларды да қорқытқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны қолға түсірді.
Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерден дәрігерлерге тапсырылды.
«Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жауап берді Астана полиция департаменті.