Олардың барлығы Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізілді
Астанада полицейлер төбелесті тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"18 ақпан полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.