Астанада видео түсіру үшін атқа мініп, "Бәйтерекке" шауып бармақ болған ер адам жазаланды (видео)

0
120

35 жастағы азамат Астанадағы мекемелердің біріне арнап видео түсірмек болған.


Астанада видео түсіру үшін атқа мініп,

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада видео түсіру үшін көшеде атқа мініп жүрген ер адам жауапкершілікке тартылды, деп жазады stan.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы азамат Астанадағы мекемелердің біріне арнап видео түсірмек болған. Ер адам атқа мініп автокөлік жүретін жолмен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп, қозғалысқа кедергі келтірген.

"Кейін ол "Бәйтерек" монументі маңына бет алған кезде, жол қиылыстарыдың бірінде жануар тротуарды ластап, жасыл желекке зиян келтірген. Осылайша абаттандыру заңнамасының талаптары бұзылған", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған екі құқық бұзушылық бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция Астана тұрғындары мен қонақтарын заңнама талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жол қозғалысының басқа қатысушылары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қолайсыздық туғызатын әрекеттерге жол бермеуге шақырды.