Астанада жас жігіт биік үйден секірмек болған: полиция соңғы сәттің видеосын көрсетті

0
501

Оқиға бүгін, 28 наруызда болған.


Астанада жас жігіт биік үйден секірмек болған: полиция соңғы сәттің видеосын көрсетті

ERNUR.KZ. Астанада 20 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатына шығып алып, секірмек болған. Абырой болғанда оқиға орнына шұғыл жеткен патруль қызметкерлері оны құтқарып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«28 наурыз күні таңертең полицияға жас жігіттің көпқабатты үйдің сегізінші қабатының карнизіне шығып тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Жасұлан Қыздарбек, Фазыл Айболат, Сұмғат Назымбеков және Абзал Қадыров атты полиция қызметкерлері аттанды», - деп хабарлайды қалалық полиция.

Жасұлан Қыздарбектің айтуынша, олар оқиға орнына келгенде жігіт пәтерінің есігін құлыптап алған екен. Санаулы секунд ішінде полиция есікті бұзып, жігітті құтқарып қалған.

Полиция 20 жастағы жігітті полиция басқармасына апарып, кейін психологиялық көмек беру үшін полиция оны дәрігерлерге табыстаған.