Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.