Астанадағы алып министрлік ғимараты Ресей университетіне берілді

0
759

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі сол жағалаудағы жаңа мекенжайын 3,5 миллиард теңге сатып алғаны белгілі болды.


Астанадағы алып министрлік ғимараты Ресей университетіне берілді

ERNUR.KZ. Астанадағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне тарту етілді деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 20 жылдық мерейтойында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына жалпы ауданы 13 мың шаршы метр болатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 қабатты кеңсесін беру туралы шешім қабылдады. Бұл бізге ресейлік әріптестермен бірге басымдыққа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондықтан алдағы жаңа жылда сізді жағымды істер күтіп тұр», - деді мемлекеттік хатшы.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі сол жағалаудағы жаңа мекенжайын 3,5 миллиард теңге сатып алғаны белгілі болды. Осы орайда ел аймақтарындағы шаруалар жоғары жаққа жұтта мал қырылғанына дабыл қағып, жанайқайымен шағымдануда.

Еске сала кетсек, РФ президенті Владимир Путин өзінің баспасөз мәслихатында, Қазақстанды «толық мағынасында орыс тілінде сөйлейтін ел» деп атап, орыс тілін оқытатын мектептер мен жоғары оқу орындары филиалдарының саны артып келетінін айтты.