Әлеуметтік желі Threads қолданушысы Назарбаев Университетінің студенті әйелдер әжетханасында қыздарды жасырып түсіріп, 30 видео жинағаны туралы хабарлады.
Сурет: freepik
ERNUR.KZ. Қазнетте Астанадағы университеттің әйелдер әжетханасында студент қыздарды жасырып видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл фактіні қалалық полиция департаменті де растады, деп жазады zakon.kz.
Әлеуметтік желі Threads қолданушысы Назарбаев Университетінің студенті әйелдер әжетханасында қыздарды жасырып түсіріп, 30 видео жинағаны туралы хабарлады.
"Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде әйелдер әжетханасында заңсыз видео түсіру фактісі анықталды. Мұны екінші курс студенті жасағаны белгілі болды. Оның бөлмелер арасындағы саңылаудан көрші кабиналарға қарағаны анықталды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция.
Университет өкілдері қазіргі уақытта ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын және құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Осы кезеңде іс бойынша мәліметтер жарияланбайды.
Университет студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды, кінәлі тұлға кампус аумағынан шығарылды.