Астанадағы LRT Қосшы қаласына дейін созылатын болды

0
72

​Жеңіл рейсті жолдың келесі кезеңі осындай болады деген жоспар бар.


Астанадағы LRT Қосшы қаласына дейін созылатын болды

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Астанада биыл аяқталып, келесі жылдан бастап толыққанды жүретін LRT іргелес Қосшы қаласына дейін тартылатын болды. Бұл туралы бүгін Нұра ауданындағы «Үркер» тұрғын үй алқабының халқымен кездескен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, Қосшыдан Астанаға күніне кемі 15-20 мың көлік кіреді.

«LRT жобасы жалғасады. Оның келесі кезеңі Қосшыға қарай созылады. Өйткені, Қосшыдан Астанаға күніне 15-20 мың машина кіретінін білесіздер. Ол қала өсіп жатыр және Астанаға жан-жақты көмектесіп жатыр деуге болады. Спутник қала болғандықтан, Қосшыдан Астанаға қарай қозғалыс тоқтамайды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі жобаны Қосшыға қарай созу қаржы жағынан да тиімді болады деп сенеді.

«Ал, жеңіл рейсті жолдың келесі шеті Тұран даңғылына дейін созыдлады. Осылайша, ескі вокзалға барады. Жалпы, Қосшыдағы құрылысы келесі жылдың басында басталып, максимум бір жарым жылда аяқталады деген жоспар бар», - деп түсіндірді Қасымбек.