Астанадағы төрт баланың өлімі: өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
258

Зардап шеккен отбасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Астанадағы төрт баланың өлімі: өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
ERNUR.KZ. Астанада төрт баланың өмірін қиып, екі отбасы баспанасыз қалған жантүршігерлік өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады sputnik.kz.
"Балалардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке меншік екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады", - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД-дағылар.
Еске салайық, Астанада екі қабатты жеке үй өртеніп, оның шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Үйінді астынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт баланың мәйіті шығарылды. Қала әкімдігі бұл үйде екі отбасы тұратынын хабарлады.
Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы, Апаттар медицинасы орталығының және астаналық төтенше жағдайлар департаментінің психологтары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен отбасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ оларға материалдық, тұрғын үймен және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер жоқ екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды.