Астанадан Анталияға жаңа рейс ашылды

0
928

Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия жаңа рейсін ашты.


Астанадан Анталияға жаңа рейс ашылды

ERNUR.KZ. Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағымен орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды, деп жазады inbusiness.kz

Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Әуе компаниясы биыл шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.