FS7341 рейсімен ұшқан әуе кемесі Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшып шыққан әуежайына мәжбүрлі түрде қайтып келген.
Фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz.
"Кейінірек рейс те Қостанай әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге шегерілді – ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ FS7342 Қостанай – Астана рейсі де ұшақтың Қостанайға кеш келуіне байланысты өзгертілді. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық схема бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Ал кері бағыттағы FS7342 рейсімен ұшуы тиіс жолаушылардың өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.
Қостанайға ұшу бүгін, 3 қараша күні сағат 17:05-ке жоспарланған, ал Қостанайдан Астанаға қайтар рейс – сағат 18:50-де.


