Өскеменге жақындағаннан кейін Астанаға қайтуға мәжбүр болды.
Фото: Scat компаниясының баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 17 қазан таңертең SCAT әуе компаниясының Астанадан Өскеменге бағыт алған рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ұшақ межелі жерге жақындаған сәтте Өскемен әуежайында тұман қоюланып, көріну қашықтығы шамамен 50 метрге дейін төмендеген. Бұл – ұшақты қауіпсіз қондыруға рұқсат етілген шектен төмен көрсеткіш.
Осыған байланысты экипаж ұшақты Астана әуежайына қайта қондыру туралы шешім қабылдаған.
Әуе компаниясының мәліметінше, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін елорда әуежайында уақытша шектеулер енгізілген, сондықтан рейсті аталған аралықта орындау мүмкін болмай отыр.