Ашық дереккөзден
«Шымкент – Астана» рейсінің қонуы кезінде ұшақ құспен соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ақпаратты Scat әуе компаниясы растады.
- Құстың ұшаққа соғылуына байланысты әуе кемесінің бір бөлшегін ауыстыру қажет болды. Осыған байланысты «Астана – Шымкент» бағыты бойынша ұшуы тиіс жолаушылар үшін уақытша кідіріс туындады. Күту кезеңінде жолаушыларға қонақүйден орналастыру ұсынылып, терминалда тамақтану ұйымдастырылды. Әуе компаниясы құстардың қозғалысын бақылауға ала алмайды. Мұндай жағдайларға байланысты рейстер кестесінің өзгеруін түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз, дейді компания өкілдері.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін мұндай жағдай 14 наурызда болған еді.
«Фукуок-Астана» рейсі Шымкент қаласында қатты қарсы желге байланысты жанармай құю үшін қонған, артынша ұшаққа құс соғылғаны анықталды.