Астанаға шұғыл қонған шетелдік рейстің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр

0
494

​Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.


Астанаға шұғыл қонған шетелдік рейстің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр

ERNUR.KZ. Кеше Астана әуежайына шұғыл қонған Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр, деп жатыр sputnik.kz.

"17 тамызда жедел жәрдем қызметі әуежайдан инсульт алған ер адамды №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр", - дейді министрлік.
Ведомствоның айтуынша, 52 жастағы Жапония елінің азаматына "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес ем көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 52 жастағы жолаушының өмірін сақтап қалу үшін Swissair авиакомпаниясының авиалайнері елордаға шұғыл қонды. Ұшақ бұрылған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Салдарынан әуежай бірнеше сағатқа жабылып, 20-дан астам рейс кешікті.