«Ата-анасымен бірге қонаққа барған»: Қарағандыда төрт жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кетті

0
119

Оқиға 12 сәуір күні болған.


«Ата-анасымен бірге қонаққа барған»: Қарағандыда төрт жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департаменттің мәліметінше, оқиға 12 сәуір, жексенбі күні Гүлдер-1 шағын ауданында болған. 2022 жылы туған бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

«Бала ата-анасымен бірге Астанадан Қарағандыға қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, жалғыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала көпсалалы жарақатпен ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Қарағанды облысы ТЖД ата-аналарға мынадай ескерту жасады:

  • балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау;
  • терезелерге арнайы блокираторлар мен құлыптар орнату;
  • терезе алдына жиһаз қоймау қажет.

«Москит торлары баланың салмағын көтере алмайды. Жақындарыңызды қорғаңыздар», – деп ескертті мамандар.