Ата-анасына айтпай көлік жүргізген: Жамбыл облысында төрт жасөспірім жол апатына түсті

0
398

Ал 2007 жылы туған науқас бас сүйегі сынып, миынан ауыр жарақат алған.


Ата-анасына айтпай көлік жүргізген: Жамбыл облысында төрт жасөспірім жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында төрт жасөспірім жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.

"2008 жылы туған науқастың миы ауыр жарақаттанып, бірнеше қабырғасы сынған. Науқас комада жатыр. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Ал 2007 жылы туған науқас бас сүйегі сынып, миынан ауыр жарақат алған. Оның да бірнеше қабырғасы сынған.
"2008 жылғы және 2006 жылғы науқастардың да жағдайы ауыр. Олар да ауыр ми жарақатын алған. 2006 жылғы науқас комада, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды", - дейді ведомстводағылар.
"Апат салдарынан төрт жасөспірім де ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды. Тергеу барысында кәмелетке толмағандар ата-аналарының рұқсатынсыз үйден облыс орталығына кеткені анықталды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды жауапқа тарту туралы мәселені қарастырып жатыр.