Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Атырау-Астрахань тас жолында минивэн көлігі аударылып, жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жантүршігерлік жол апаты алтыншы шілде күні Атырау облысына қарасты Исатай ауданындағы Жанбай ауылының маңында орын алған.
Toyota Ipsum минивэн көлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен руль басқармасына ие бола алмай қалды. Нәтижесінде көлік тас жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалды.
Жол апатының салдарынана екі адам қаза тапты. Олар оқиға орнында жан тапсырған. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті Маңғыстау облысының тұрғындары болған. Олар көлік сатып алу үшін Арменияға қарай жол тартқан.
Қазіргі таңда, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.