Жол бойы адамдар "пойызды иеленіп алған" тақарандармен күресуге тырысқан.
ERNUR.KZ. 23 қарашада әйел адам "Атырау-Маңғыстау" бағытындағы вагонға мінген. Келіншек ішке кіргенде үстел үстінде, жерде, жатын орындарды тарақандардың жүргенін көріпті. Жолаушылар түні бойы көз іле алмай келген екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жолаушының сөзінше, жол бойы адамдар "пойызды иеленіп алған" тақарандармен күресуге тырысыпты. Әйел адамның сөзінше, жиркенішті көріністің салдарынан тәбет те жоғалған екен.
"Біздің шағымымызды тыңдаған жолсерік пойыздың дезинфекцияланғанын айтты. Алайда анықталғандай, "ҚР Эверест" ЖШС оны 13 күн бұрын жасаған екен. Бізге берілген журналдан көргеніміздей, біздің алдымызда, 24 қараша күні адамдар дәл осындай жағдайға шамданған.
Жиіркенішті тарақандармен күресеміз деп түні бойы көз іле алмадық, Жанымда немересі бар әжей келе жатты. Баланы қорғау үшін ол бекеттен мақта сатып алып, қыздың құлағына тығып қойғысы келді. Ол баланың құлағына тарақан кіріп кетеді деп қорқыпты", - дейді әйел адам.
Адамдардың шағымына жауап беру кезінде "Жолаушлыра тасымалы" АҚ қызметкерлері жедел тергеу жұмыстарын жүргізді.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелерге сәйкес, жолға шығар алдында барлық жеңіл автомобильдер санитариялық тексерістен өтеді.
Бұдан бөлек, айына бір рет пойыздарда қызметкерлер толықтай дезинсекциялау мен дератизация жүргізеді", - деп хабарлады тасымалдаушы-компанияда.
Пойыз Атырау бекетіне келгеннен кейін ол негізгі құрамнан бөлінді. Оның ішінде дезинфекция жасалды.
Компания жолаушылардан кешірім сұрап, мұндай жағдайларға енді жол берілмейтінін атап өтті.