Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды

0
95

Зауыттан АИ-92 маркалы автобензині жөнелтуге дайындалуда.


Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталды

фото: АНПЗ

ERNUR.KZ. Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталды, деп жазады sputnik.kz.
Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛТҚ-АВҚ-3, бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы, каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, аралас күкірт өндіру, жеңіл газойльды гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау және нафтаны гидротазарту қондырғылары белгіленген мерзімінен бұрын іске қосылды.
"Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы өңдеуге арналған ЭЛТҚ-АҚ-2 қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары, ал каталитикалық крекинг, сұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру және бутендерді олигомеризациялау қондырыларында іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады.
Бүгінгі таңда тауарлық дизель отыны жөнелтіліп, АИ-92 маркалы автобензині жөнелтуге дайындалуда.