Атырау мұнай зауытына қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 841

Қараша айында мұнай зауыты сарқынды суға қалдықтар ағызып жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған.


Атырау мұнай зауытына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қоршаған ортаны ластады деп айыпталған Атырау мұнай өңдеу зауыты әкімшілік айыппұлмен құтылмайды. Кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл ақпаратты облыстық полиция растап отыр. Мәселе ағынды суға төгілген мұнай қалдықтарына қатысты болып тұр.

Еске сала кетейін осы қараша айында, мұнай зауыты сарқынды суға қалдықтар ағызып жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Артынан экологтар арнайы тексеріс жүргізіп, зауыттың экологиялық талаптарды белшесінен басқанын дәлелдеді.


Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтардың салдарынан қылмыстық жаза әрекеттері бар болған жағдайда біз Полиция департаментіне жолдауға міндеттіміз. Сол себепті материалдар полиция департаментіне жолданып, қылмыстық іс жүргізілуде. Суды ағызуға кім себепші болды, кім тапсырма берді, оны тергеу ісі анықтайтын болады, - дейді Атырау облысы бойынша экология департаментінің орынбасарыСырым Тілегенов.

Полиция департаментінде, қылмыстық кодексте көрсетілген «Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу» бабы бойынша іс қозғалғаны расталды. Осы күнде арнайы сараптама тағайындалған. Зауыт басшылығы болса іш ара қызметтік тергеу жүргізіп, айыптыларды тапқан көрінеді. Таратылған деректерге қарағанда зауыт, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығын лауазымынан босатып, тағы 5 маманға сөгіс жариялапты.