Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блокпост наурыз айынан бері тұр.
Атырау облысының аумағында блокпостар қойылған жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блокпост наурыз айынан бері тұр. Блокпостар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын. Облыс аумағында бұдан басқа блокпостар жоқ», - деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.