Атырау облысында білім мекемелері балаларға діни насихат жүргізген

0
596

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 82 бала тұратын "Ақжайық", "Айша ана", "Береке", "Еділ", "Сарайшық" білім беру қайырымдылық мекемелері 82 балаға діни насихат жүргізумен айналысқан.


Атырау облысында білім мекемелері балаларға діни насихат жүргізген

ERNUR.KZ. Атырауда қайырымдылық білім мекемелері діни насихат жүргізген, деп жазады Stan.kz.


Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 82 бала тұратын "Ақжайық", "Айша ана", "Береке", "Еділ", "Сарайшық" білім беру қайырымдылық мекемелері 82 балаға діни насихат жүргізумен айналысқан. Тексеру барысында мекемелерде діни сауаттылыққа үйрететін стендтер, әдебиеттер табылған.

Ал ата-аналармен кездесу кезінде олар бұл ұйымдарды медресе деп атайтыны анықталды. Балалар мұнда ата-аналарының сенімхаты негізінде тұрады. Алайда, бұл – заңсыз. Білім басқармасы барлық құзыретті органдарға хат жолдаған. Қазір зерттеу тобы құрылды.

"Тексеру нәтижесінде мекемелерде қауіпсіздік шаралары сақталмағаны, психикалық және физикалық даму үшін қолайлы жағдайлар болмағаны анықталды. Балалардың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Штатта пән мұғалімдері болмаған. Ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Оларға балалары үшін бұл жерде болу қауіпсіз емес екені ескертілді. Іс жүзінде басқарма тиісті шаралар қабылдады. Қайырымдылық мекемелерінің қызметкерлеріне балаларды үйге жіберу туралы ұсыныстар берілді. Білім беру мекемелері тек заң аясында жұмыс істеуі керек", - деп хабарлады облыстық Білім басқармасынан.