Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

0
191

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3. Энергетикалық класы - 9,1.


Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

Скриншот Google Карта

ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысы аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегіне сүйенсек, жер асты дүмпуі 10 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3. Энергетикалық класы - 9,1.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Еске салайық, 2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.

Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.