Қазір әйел толық медициналық тексеруден өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бір әйел коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін есінен танып қалғаны туралы бейнежазба тарады. Болжам бойынша бұл оқиға Теңіз кенішіндегі вахталық қалашықтарының бірінде болған, деп жазады azh.kz.
Оқиғаға байланысты «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Компания Теңіз кенішіндегі вакциналау орталығында вакцина алғандарды бақылау кезінде мердігер компанияның бір қызметкерінің денсаулық жағдайы нашарлағанын растайды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Денсаулығы жақсарған соң, клиникадан шығады», деді ТШО-ның баспасөз қызметі.
Қазір Теңіз кенішінде 28 000 қызметкер вакцина қабылдаған, мұндай жағдай бұрын-соңды болған жоқ деп атап өтті ТШО баспасөз қызметі.