"Toyota Ipsum" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Жол көлік апаты 25 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 490 шақырымында болған, деп жазады exk.kz.
.
Полицияның мәліметінше, "Toyota Ipsum" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Қатты соққы салдарынан 37 жастағы жүргізуші мен 47, 54 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.