Атырау облысында жоғалған жеті жастағы қыздың мәйіті өзеннен табылды

0
138

Желі қолданушылары қаладағы камералардың жұмыс істемейтініне шағымданып жатыр.


Атырау облысында жоғалған жеті жастағы қыздың мәйіті өзеннен табылды

Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Атырау облысы Құлсары қаласында жеті жастағы жасөспірім өлі табылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Құлсарыда кеше, 5 маусымда жеті жастағы қыз жоғалған. Кейінірек жасөспірімнің мәйіті табылды.

Желі қолданушылары қаладағы камералардың жұмыс істемейтініне шағымданып жатыр.

– Бұл елдің осындайда айыппұл салғыш камералары осы кезде қайда қарап тұрды екен?, – деп жазды олардың бірі Facebook-те.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға Құлсарыда 2018 жылы туған жасөспірімнің 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйден шығып кеткені, содан бері таба алмай жатқаны туралы хабар сағат 21:28 шамасында түскен.

– Жасөспірімнің жоғалған бағыты белгісіз болуына байланысты қаладағы барлық камера зерделеніп, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де жұмылдырылған. 6 маусым түнгі сағат 02:19 шамасында Құрсай өзенінен жасөспірімнің өлі денесі табылды. Сараптама тағайындалды, – делінген полиция таратқан хабарламада.