Эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысында жылқылар неге өлгенін анықтады, деп жазады tengrinews.kz.
Бұған дейін министрлік Атырау облысында белгісіз аурудың салдарынан жылқы өлімі тіркелгенін хабарлаған болатын. Атырау облысына шаруаларға ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу жәна жылқылар арасынд ауру диагнозын қою үшін сынама алу мақсатында Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері барды.
"Зерттеу нәтижесінде жануарларда деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік аулулары анықтады. Қолда бар деректер бойынша жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі осы диагноздар. Аурумен күресу үшін ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулар мен гельминтоздарды алдын-алу және уақтылы емдеуді ұсынады", - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жануарлардың профилактика, диагностикасы және жойылуы бюджет есебінен жүргізіледі. Ал қалған аулардың, оның ішінде паразиттік аулардың ветеринариялық іс-шаралары жануар иелерінің есебінен жүргізілетіні хабарланды.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ғылыми-зерттеу институтры мамандарының облысқа жасаған сапарларының қорытындысы бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиынға қазақстанның жылқы өсірушілер қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, АШМ аумақтық инспекциясының және әкімдіктің өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлік фермерлермен кездесу алаңын ұсынуға ал ғылыми-зерттеу институттарының мамандары фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, жануарларды диагностикалау мен емдеудің тиімді әдістері туралы көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.