Марқұмның ұжымы оның жақындарына көңіл айтқан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін әкімдік осы қайғылы жағдайда байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жергілікті AtyrauTODAY ақпарат агенттігі хабарлағандай, әкімдік марқұмның отбасына көңіл айтқан.
«Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы Қуаныш Имашевтің мезгілсіз өмірден озғанын қайғыра хабарлайды. Осыған байланысты, оның жақындары мен туған-туысына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», - деп хабарлаған әкімдік ұжымы.
Осы мәлімдемесінде әкімдік сондай-ақ әлі расталмаған ақпаратты таратудың жөнсіздігін де айтады.


