Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды

0
259

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті туысының денесін бөлшектеп тастаған.


Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Атырауда 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастаған. Полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 7 ақпанда болған.

– Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы – 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Кейбір дерекке қарағанда, күдікті туысының денесін бөлшектеп тастаған. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі нақтыламады.