Атырау қаласында ауа райы жақсы болса да, бірнеше күн бойы тұғырдағы ту көтерілмей тұр.
ERNUR.KZ. Биыл тутұғырды күтіп-ұстауға жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлінген, деп жазады exk.kz.
Azh.kz сайтының мәліметінше, әкімдік көлемі 14,5х29,5 метр болатын 10 ту сатып алуға тағы 5 миллион теңге бөлген. Ал тудың алынып тасталуын шенеуніктер нашар ауа райымен байланыстырған.
"Техникалық регламентке сәйкес, жел жылдамдығы секундына 8 метрден асатын болса, онда ту түсірілуі тиіс. Қазіргі кезде ол ауа райының өзгеруіне байланысты уақытша алынып тасталды", - дейді әкімдіктегілер.
"Қазгидрометтің" дерегі бойынша 11-20 мамыр аралығында желдің жылдамдығы тек 19 мамырда ғана секундына 8 метр болды. Қалған күндері қатты жел болдысоққан. "Қазгидромет" мамандары әкімдіктің де осындай ақпарат сұратқанын растады.