Атырауда әкесі мен жасөспірім ұлы Жайық өзеніне батып кетті

0
366

Суға батып кеткен ер адам 27 жаста болған. Оның ұлы 2013 жылғы.


Атырауда әкесі мен жасөспірім ұлы Жайық өзеніне батып кетті

ERNUR.KZ. Атырауда әкесі мен жасөспірім ұлы Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы бүгін, 25 тамызда, сағат 16:08-де облыстық полиция департаментінің кезекшісіне хабар түскен. Құтқарушылар шақырту орнына жетіп, сағат 16:16-да суға батқандарды іздестіре бастады.

Суға батып кеткен ер адам 27 жаста болған. Оның ұлы 2013 жылғы.

«Әкесі мен баласының Жайық өзенінің суға түсуге жабдықталмаған тұсында батып кеткені анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жергілікті уақытпен сағат 16:35-те 35 жастағы ер адамның денесін Жайық өзенінен тауып, жағаға шығарды. Ал, баланың денесі сағат 18:44-те табылды», - делінген хабарламада.

Жайық өзеніне батып кеткен әкесі мен баласын іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, облыстық полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы тартылды.