Атырауда қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

0
269

​Марқұмның кім екені анықталып жатыр.


Атырауда қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1 наурыз кешкі уақытта Сырым Датов көшесіндегі қараусыз ғимараттардың бірінен үй-күйсіз адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келген. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам суықтан үсіп көз жұмған болуы мүмкін.