Фото: canva
ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан, әкелген ет түгелдей өтіп кеткен.
"Кейбірі көп мөлшерде көтермемен алды, енді бірі келілеп сатып әкетті. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар, барлық құжаттар мен куәліктер заңға сай рәсімделген. Әрбір етті ветеринар мамандар тексеріп шығады", – дейді ол.
Қазір киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал бөлшек саудада келісі 2200 теңге.
"Киікті атып алмаймыз. Алдымен аумен ұстап, кейін соямыз. Осылайша, ет ұзаққа шыдамды болады", – деп атап өтті Вячеслав.