Атырауда короновирус індетінен жазылып шыққандар 93 пайызға жетті

0
583

Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны — 10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты.


Атырауда короновирус індетінен жазылып шыққандар 93 пайызға жетті

Атырауда короновирус індетінен жазылып шыққандар 93 пайызға жетті. Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр.
Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Айта кетелік, Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны —10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты. Ал облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.