Атырауда ұры үй иесін қылғындырып өлтіріп, тонап кеткен

0
789

Немересін сабаққа шығарып салған 59 жастағы әйел ұрының үстінен түскен.


Атырауда ұры үй иесін қылғындырып өлтіріп, тонап кеткен

иллюстрациялық фото

Атырауда ұры үй иесін қылғындырып өлтіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Қанды қол қылмыскердің бейнесі үй сыртындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Ол таңғы сағат 7:30 да үйге кірген. Ал немересін сабаққа шығарып салған 59 жастағы әйел оның үстінен түскен. Сол сәтте шарфпен қылғындырып өлтірген. Камерадағы жазбаға қарағанда, күдікті жарты сағаттан соң ғана сыртқа шыққан.

Қаралы отбасы аналарының ұры қолынан қаза тапқанын кейінірек білген. Полицияға қызы хабар беріпті. Аядай ауылдағы бұл жағдай тұрғындарды дүр сілкіндірді. Қазір полицейлер аяқтан тік тұрып, қылмыскерді іздеп жатыр. Оқиға орнынан күдіктінің саусақ, аяқ киім іздері алынып, сол маңдағы өзге де бейнекамералар тексерілуде. Алайда әлі табылған жоқ.

"1963 жылғы туылған әйел адамның өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған фактіге байланысты тергеу барысында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Және де күдіктіні іздеу жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Күдіктінің түр-типаты, киген киіміне байланысты бағыт-бағдарлар берілді",- дейді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.