Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам жерге құласа да ұрып-соғып жатқаны көрінеді.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Атырауда бір топ адам қала тұрғынын аяусыз соққыға жықты, деп жазады sputnik.kz.
5 сәуірге қараған түні С.Сүлейман көшесінде алты ер адам 40 жастағы қала тұрғынын аяусыз ұрып-соққан.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жәбірленуші көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, оның бірнеше қабырғасы сынған. Жағдайы тұрақты және орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам жерге құласа да ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше жәбірленуші арызданбаған, соған қарамастан тергеу амалдары басталған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы – денсаулыққа ауырлығы орташа қасақана зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.