Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады.
видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Атырауда әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Сұлтан Сәрсемалиевке сот ғимаратына жеткізілді, деп жазады ulysmedia.kz.
Толығырақ
Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарайды.
Бұдан бұрын Сәрсемәлиев кінәсін толық мойындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күйеу бала қайын атасы, қайын енесі және олардың балаларын өлтіргеннен кейін отбасының малын сатып, банк карталарындағы ақшаны шешіп алған. Кейін сол қаражатпен шетелге қашуға әрекеттенген.
Оған екі және одан да көп адамды өлтірумен қатар, ұрлық және алаяқтық баптары бойынша да айып тағылған. Сараптама Сәрсемәлиевті есі дұрыс деп таныды. Енді оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ал кісі өлтіру қаруы туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Бұл мәлімет сот процесі кезінде айтылмақ.
Ал әйеліне келсек, бұдан бұрын облыстық прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасы мен бауырларының өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Алайда әйелге қатысты тергеу толық аяқталған жоқ. Қазір қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс қаралып жатыр. Құқық қорғау органдары Мұқанғалиеваға жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысын күтіп отыр. Соның нәтижесінде оның қанды оқиға жайлы біле тұра үндемегені үшін қандай жазаға тартылатыны белгілі болады.
Қылмыс тарихы
Еске салайық, Атырау облысы Женгелдин ауылында тұратын Қарабалиндер отбасы 2025 жылдың желтоқсан айының соңында із-түзсіз жоғалып кеткен.
Кейін 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денелері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылысының астынан табылды.
Сәрсемәлиев пен оның әйелі халықаралық іздеуге жарияланып, 2026 жылдың ақпанында Бали аралында ұсталған. Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін Сәрсемәлиев Қарабалиндердің ұлы мен қызының мәйіттері жасырылған орынды өзі көрсеткен. Олардың сүйектері Атырау маңындағы жалдамалы үйдің ауласынан табылды.


