Атыраудың орталық көпірінде екі адам токқа түсіп қалды

0
121

​Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті


Атыраудың орталық көпірінде екі адам токқа түсіп қалды

Фото: azh.kz/ЖИ арқылы жасалған

ERNUR.KZ. Атырау қаласында нөсер жауын жауып, қиындықтар туғызды. Қаланың орталық көпірінде екі тұрғынды тоқ соққан. Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жауын кезінде көпірден өтіп бара жатқан бойжеткен мен жігіт тоққа түскен.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға жаңбыр жауып тұрған сәтте болған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет бойынша, олар ауыр жарақат алмаған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп, көпірде кептеліс пайда болған.

Атырау әкімдігі ауа райының бұзылуына байланысты апаттық бригадалардың жұмысын үйлестіруде. Қазіргі таңда қаланың бірнеше ауданында жарық сөніп, су жиналып қалған.

Қазіргі жағдай:

1. Талғайран, Ескі әуежай, Авангард, Томарлы, Сарыөзек және Мұнайшы мөлтек аудандарында 10-ға жуық арнайы техника су сорып жатыр.

2. 10 апаттық бригада зақымдалған желілерді жөндеуде.

3. Мамандар су басудың алдын алу үшін арықтарды тазалауға кірісті.