Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

0
363

Тиісті ақпаратты Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратты.


Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

ERNUR.KZ. Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді, деп жазады inbusiness.kz.




"Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығына (қар, боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының Кенен ауылынан Благовещенко ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді. Көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.

Жетісу облысында ауа-райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.