Бұл туралы Президент 4 жыл бұрын жазған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2017 жылы өзінің Твиттер парақшасында "Әулие Валентин" күніне деген көзқарасын білдірген жазбасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы осы туралы 4 жыл бұрын жазған", деп жазады Президенттің баспасөз хатшысы.
«Әулие Валентин күні батыстан келді, бұл біздің халықтың менталитеті мен дәстүрлеріне қайшы келеді. Мұны жастар түсінуі керек», - деп жазды Тоқаев 2017 жылы 14 ақпанда.
Желі қолданушыларының көпшілігі президенттің жазбасын қолдаған.