Ауыл тұрғындары шалғымен пішен шауып жарысты

0
3 028

Ұйымдастырушылар ұмыт бола бастаған кәсіпті қайта жаңғыртып, жастарды еңбекке баулуды басты мақсат еткен


Ауыл тұрғындары шалғымен пішен шауып жарысты

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Новоямышева ауылының тұрғындары ерекше байқау ұйымдастырды, деп жазады 24.kz.

Бұл күні ауыл азаматтары пішен шабудан жарысты. Техниканың дамыған заманында қолына орақ ұстап, шалғымен шөп шабатындар қатары сирегені белгілі. Әйтсе де шалғынға келген байқау қатысушылары аталарынан қалған ескі құрал-саймандарын ала келген. Үш топқа бөлінген шөпшілердің арасында бір әйел де бар.

Жарыс Павлодар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «90 қайырымды шара» аясында өтіп отыр. Ұйымдастырушылар ұмыт бола бастаған кәсіпті қайта жаңғыртып, жастарды еңбекке баулуды басты мақсат еткен.

«Ата-бабаларымыз бұл шөп шабумен, орақ оруды бұрын меңгерген. Қазіргі заманда бұл түгелі ұмытылуда. Қайта жаңғыртып, міне біздің зейнеткерлеріміз ортаға келіп бізге үлгі көрсетіп, осы ұмытылғанды еске алуға кемектесіп жатыр. Рахмет оларға», - дейді жарыс қатысушысы Толқын Аймолдинова.

Байқау ұйымдастырушысы Тоқтасын Қожахметов: «Міне қаншама мында шөп жатыр. Осы шөпті кейбіреулері менсінбейді. Трактор жүрмейді мына арада, не рентабельный шабуға деп. Осындай шөпті қазір қолмен де шауып алуға болады. Сондай іс-шараларды бүгін қолданып жатқан жайымыз бар. Мұның барлығы рухани жаңғыру, айтып жатырмыз ғой, бұл ұмытпау үшін еске салып жатқан нәрсе», - деді.