Ауылдарда халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

0
708

Ауылдарда бүгінгі таңда «Қазпоштаның» 2700 бөлімшесі бар.


Ауылдарда халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

ERNUR.KZ. Еліміздің ауылдарында орналасқан «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Бұл туралы «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форумда «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауылдарда бүгінгі таңда «Қазпоштаның» 2700 бөлімшесі бар. Біз бұл бөлімшелерді комьюнити орталықатыр етіп, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашып жатырмыз. Онда біздің мамандар ауыл тұрғындарына 20-дан астам мемлекеттік сервис бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ, елімізде цифрландыру мәселесі интернерттің жұмыс істеуіне байланысты. Қазіргі таңда әр ауылда интернет бар, алайда, оның жылдамдығы аз. Сондықтан біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ауылдарда интернет жылдамдығын көтеру, яғни, бір адамға 1м/бит емес, 100 м/бит-ке дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Ол сондай-ақ «Қазпошта» тарапынан әйелдерге әлеуметтік жағынан қолдау көрсету жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

«Біз ауылдағы әйелдердің кәсіби тұрғыда өсуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ынталымыз. Осыған орай, ауылдардағы «Қазпошта» бөлімшелерінде біз әйелдер үшін телемедицина арқылы дәрігерлердің сервисін қосу, онлайн курстарды ашу жұмыстарын жасап жатырмыз, электрондық даярлау орталықтарын ашып жатырмыз», - деді Әсел Жанасова.