Ауылға жұмысқа барасыз ба: тағы екі мамандық иесіне мемлекеттен қолдау көрсетілуі мүмкін

0
159

Тиісті бұйрық жобасын Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды.


Ауылға жұмысқа барасыз ба: тағы екі мамандық иесіне мемлекеттен қолдау көрсетілуі мүмкін

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауылдық жерге жұмысқа баратын және мемлекеттік әлеуметтік қолдау алатын мамандардың тізімін кеңейту ұсынылды. Енді оған архив саласының қызметкерлері мен цифрлық технологиялар мамандарын енгізу жоспарланып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тиісті бұйрық жобасын Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, өзгерістер ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын азайтуға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Министрлік архив қызметкерлері мен IT мамандарын ауылдарға тарту көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал етеді деп есептейді.

Сонымен қатар жоба әлеуметтік қолдау көрсету мерзімдерін нақтылауды және төтенше жағдай енгізілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін реттеуді көздейді.

Бұйрық жобасы қазір «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр. Талқылау 2026 жылдың 21 тамызына дейін жалғасады.