Аяғы эскалаторда қысылып қалды: Оралдағы сауда орталығында әйел адам жарақат алды

0
3 124

Оқиға 25 желтоқсанда сауда орталығында болды.


Аяғы эскалаторда қысылып қалды: Оралдағы сауда орталығында әйел адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Оралдағы әйел адам сауда орталығында жарақат алды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 25 желтоқсанда сауда орталығында болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 10:03-те шақырту түсті.

"1982 жылы туған, оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігі жараланған зардап шеккен әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған", – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция ақпаратты растады.

"Анықталған ақпарат бойынша, оқиға науқастың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер не болғанын түсінуде", – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сауда орталығының әкімшілігі бұл туралы пікір білдірмеді.